Елордадағы құрылыс алаңында болған жаппай төбелес бойынша қылмыстық іс қозғалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде болған жаппай төбелес бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіге құрылысшылардың бір-бірімен төбелесіп жатқан сәті түсірілген видео тараған болатын.


Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі 5 күн бұрын болған оқиға бойынша қазір тергеу жүріп жатқанын мәлімдеп отыр.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде полиция қызметкерлері құрылыс алаңындағы жұмысшылар арасында төбелес болған видеоны анықтады. Оқиға 6 тамызда, күндіз Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі құрылыс нысанының аумағында болған. Құрылысшы бригадалар өзара сөзге келіп, төбелеске ұласқан. Оқиғаға қатысқандардың бәрі анықталып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Төбелес туралы «102» нөміріне шақырту түскен жоқ. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген департаменттің мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар