Елордадағы Күләш Байсейітова көшесі 17 күнге жабылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордағы Күләш Байсейітова көшесі жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байагысты жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл 10-27 шілде аралығында Күләш Байсейітова көшесінің Конституция көшесінен Фахд бен Абдул Азиз көшесіне дейінгі бөлігі ішінара жабылады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз»,- делінген көлік басқармасының хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар