Елордадағы Қошқарбаев даңғылы уақытша жабылды
2022 жылғы 1 шілде 01:21

Елордадағы Қошқарбаев даңғылы уақытша жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Рақымжан Қошқарбаев даңғылының жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімімен мәлімдеді.

«Осыған байланысты 30 маусым мен 5 шілде аралығында Қордай көшесінен Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», - деп жазды ведомстводан.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT