Елордадағы көшеде 25 жылда алғаш рет асфальт төселді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Нұр-Сұлтан қаласында жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 150 көше жөнделеді. Оның ішінде 100 көше тұрғын алаптарында орналасқан. ҚазАқпарат бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.


«Өндіріс елді мекенінде тұрып жатқанымызға 25 жыл болды. Биыл бірінші рет асфальт төселді. Бұрын біз тіпті елордада тұратынымызды мүлдем сезбейтінбіз. Жолдарда шаң-тозаң, балшық көп болатын. Ал қазір жарық өткізіліп, асфальт төселді. Балалар көшеде ойнай алады. Біз де олармен бірге серуендеміз. Жұмылдырылған барлық жұмысшыларға алғыс айтамыз. Елорда тұрғындары екенімізді енді анық сеземіз», - деді аталмыш елді мекеннің Ақпан тұйық көшесі, 7 мекенжайында тұратын Сәуле Құлмайева.

«Өндіріс» тұрғын алабында 16 көше жөнделіп, кейбірі жаңадан салынса, «Агрогородок» шағынауданының 21 көшесінде жұмыстар жүргізіледі. Жол жұмыстары барлық дерлік тұрғын алабын қамтитын болады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында биыл 15 мың жұмыс орны, ал жол құрылысы бойынша 1,5 мың жаңа жұмыс орны құрылады.

Тұрғындар вакансиялар бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады.


Соңғы жаңалықтар