+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Елордадағы коронавируспен ауырғандардың жағдайы туралы айтылды

2020 жылғы 29 наурыз 13:47
Бөлісіңіз:
Елордадағы коронавируспен ауырғандардың жағдайы туралы айтылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырып алған болуы мүмкін елорда тұрғындарына медициналық көмекті уақытылы көрсетуге бағытталған жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл туралы Хабар24 арнасында өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда стационарлық ем алып жатқандар ішінде екі адамның денсаулық жағдайы тұрақты ауыр. Олар жасанды тыныс алу құрылғысымен жатыр. Клиникалық хаттамаға сәйкес ем алуда. Қалған науқастардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.


Оның айтуынша, Коронавирус жұқтырып алған болуы мүмкін елорда тұрғындарына медициналық көмекті уақытылы көрсету мақсатында қаладағы теміржол ауруханасындағы пульмонология бөлімі кеңейтілген.

«Бұл жерде коронавирусты инфекция бар-жоғын анықтау үшін диагностика жасалады. Ары қалай науқасты емдеу әдістері қаралады. Сондай-ақ, №2 қалалық аурухана базасында обсерваториялық емхана ашылды. Бұл жерде бір ауысымда 150 адам қарала алады. Коронавирус анықталған екі науқас осы медициналық нысанда жатыр», - деп толықтырды басқарма басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT