Елордадағы көліктердің жарық беру құралдарына тексеру жүргізілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 3-5 желтоқсан күндері елордадағы көліктердің сыртқы жарық құралдарына тексеру жүргізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл шара қауіпсіздікті сақтау аясында жүргізілуде.

«018/2011 «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес автокөлік фарларына ауыспалы жарық көзін, дайындаушы зауыт белгілеген жарық көзі сыныбына сәйкес келмейтін, атап айтқанда LED және ксенондық шамдарды қолдануға жол берілмейді.Сонымен қатар автокөліктердің негізгі жарық фарлары деңгейінен, яғни капоттың деңгейінде, жүксалғышқа (автомашинаның төбесіне) және т.б. қосымша жарықтандыру аспаптарын орнатуға үзілді-кесілді тыйым салынады», - делінген таратылған хабарламада.

Көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін жүргізуші Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 590-бабы 5-бөлігі бойынша 12625 теңге сомасына, сондай-ақ Кодекстің 590-бабы 7-бөлігі бойынша 37 875 теңге сомасына айыппұл салына отырып жауаптылыққа тартылады.

Автокөліктердің мемлекеттік нөмірлік белгісін алып қоя отырып, коммуналдық айыппұл тұрағына қою арқылы пайдалануға тыйым салынады.

Соңғы жаңалықтар