Елордадағы көлік апатынан бір адам көз жұмып, 4 адам зардап шекті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада екі көлік соқтығысып, жолдан өтіп бара жатқан адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«19 мамыр күні сағат 12:05-те Абылайхан даңғылы бойында «Nissan XTrail» маркалы көлігі «Lifan Х50» автомашинасына соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан «Lifan Х50» көлігі жолдан өтіп бара жатқан адамдарды басып өткен. Оқиға орнында бір адам көз жұмып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды», - деліген Полиция департаменті мәліметінде.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалуда.

Соңғы жаңалықтар