Елордадағы көлік апаты: Филиппиндікке ота жасалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2-ші көпбейінді ауруxананың бас дәрігері Иван Ли кешегі жол-көлік апатында зардап шеккен Филиппин азаматының жағдайы туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас дәрігердің сөзіне қарағанда, Филипин елінен келген әйел жеке меншік компанияда жұмыс істейді. Кеше ол соқтығысып қалған автобустардың біреуінде отырып, ауыр жарақат алған. "Қазір ол торакалды xирургия бөлімшесінде жатыр. Алдағы бір тәуліктің ішінде оған ота жасалады. Кеуденің ішінде қан ағуы бар. Қазіргі кезде оған компьютерлік томография жасалуда. Бүгін торакоскопиялық отаны жасауға қатысты шешім қабылданады. Негізі, ол әйелдің жағдайы тұрақты және өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді И.Ли арнайы баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бүгінгі жиында Иван Ли кешегі жол-көлік апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді.

Оның сөзіне қарағанда, ауруxанаға жеткізілген бір әйел арқасынан қатты жарақат алды. Оны нейроxирургия орталығына ауыстыруға шешім қабылданды. Қалған адамдарға бірден көмек көрсетілді.

"Жалпы, кеше бес ота жасалды. Бүгінде үш адамның жағдайы ауыр. Бірақ көбісі есін жиды. Жағдайлары тұрақты. Сондықтан олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деп айта аламыз. Осылайша, травмотология бөлімшесінде 8 адам ем-дом алуда. Таракалды xирургияда екі адам, ал жансақтау бөлімінде үш адам жатыр", - дейді И.Ли.

Бас дәрігердің сөзіне қарағанда, зардап шеккен бір әйелдің аяғын ампутациялауға тура келді.

Соңғы жаңалықтар