Елордадағы көлік апаты: Бір әйелдің аяғы ампутацияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада автобус жол-көлік апатына ұшыраған кезде бір әйел отырған жерінде жаншылып қалды. Ол шығарып алғаннан кейін бірден жақын тұрған 2-ші көпбейінді ауруxанаға жеткізілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас дәрігер Иван Лидің айтуынша, ол әйелдің жағдайы ауыр. Себебі қысылып қалғап екі аяғы мелжемделіп кетті. "Оған бірден ота жасалды. Өкінішке қарай, оң жақ аяғын сақтай алмадық. Оны үстіндегі үшінші жіліншігінен ампутациялауға тура келді. Бірақ сол жақ аяғы қатты сынса да, біз оны қалпына келтірдік. Ол аяғын сақтай аламыз деп ойлаймын. Енді, пациенттің қазіргі жағдайы да ауыр. Дегенмен, тұрақтылық байқалады. Біз интенсивті ем-домды жалғастарып жатырмыз", - деді И.Ли арнайы баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, әзірше аяқты ампутациялауға арналған бір ғана ота жасалды. Аяқтан жарақат алған басқа пациенттер де бар. "Иә, басқа адамдар да аяқтан қатты жарақат алды. Дегенмен, арнайы фиксация жасайтын теxнологияны пайдаланып, барлығының аяғын барынша сақтап қалуға тырысамыз. Қол болсын, аяқ болсын, бәрін сақтаймыз. Оған қазіргі теxнологиялар да мүмкіндік беріп отыр", - деп атап көрсетті И.Ли.

Айта кетейік, бүгінгі жиында Иван Ли кешегі жол-көлік апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, ауруxанаға жеткізілген бір әйел арқасынан қатты жарақат алды. Оны нейроxирургия орталығына ауыстыруға шешім қабылданды. Қалған адамдарға бірден көмек көрсетілді. "Жалпы, кеше бес ота жасалды. Бүгінде үш адамның жағдайы ауыр. Бірақ көбісі есін жиды. Жағдайлары тұрақты. Сондықтан олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деп айта аламыз. Осылайша, травмотология бөлімшесінде 8 адам ем-дом алуда. Таракалды xирургияда екі адам, ал жансақтау бөлімінде үш адам жатыр", - дейді И.Ли арнайы баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, кеше елордада үлкен жол-көлік апаты болды. Қала маңына қатынайтын жүрдек автобус қатты жылдамдықпен бағдаршамда тұрған автобусқа соғылды. 301-ші бағдардың жүргізушісі және алдыңғы орында отырған бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Соққы алған автобус жедел медициналық жәрдем көлігі мен алда тұрған тағы бір автобусқа соғылды.

Аталған жол-көлік апатында зардап шеккендердің саны 36 адамға жетті.

Astana LRT басшысы Бекмырза Игенбердиновтың айтуынша, елордадағы жол апатынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді.

Соңғы жаңалықтар