Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.83 EUR 430.99
RUB 6.04 CNY 55.05
Jańalyqtar

Елордадағы көлік апаты: Әйел адам жедел жәрдем келгенше көз жұмған

2019 жылғы 20 мамыр 16:31 1355
Бөлісіңіз:
Елордадағы көлік апаты: Әйел адам жедел жәрдем келгенше көз жұмған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Гүлжан» сауда үйінің маңында болған көлік апатының жай жапсарын қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде автобус пен КамАЗ соқтығысып, бір адам қаза тапты Атырау облысындағы жан түршігерлік жол апатынан үш адам қаза тауып, бесеуі зардап шеккен

БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген Әлия Рүстемова апаттан көз жұмған әйел жедел жәрдем көлігі келгенде есін біліп жатқан деген ақпараттың жалған екенін айтты.

«Гүлжан» сауда үйінің ауданында  екі жеңіл көлік соқтығысып, газет сататын дүңгіршекке кіріп кеткен. Дүңгіршек маңында болған адамдар зардап шегіп, 1967 жылғы әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Жарақаттың ауыр болғаны соншалық, ол дәрігерлер жеткенше жан тапсырған. Жедел жәрдем оқиға орнында «биологиялық өлім» тіркеді», - дейді басқарма өкілі.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Көлік, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT