Елордадағы көлік апаты: 18 жастағы бойжеткен ауыр халде жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада кеше түнде көпір үстінде 2 көлік соқтығысып, салдарынан 5 адам мерт болды. Жантүршігерлік жол апатынан аман қалған 18 жастағы жолаушының жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апатынан зардап шеккен жолаушы елордадағы академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығына жеткізілген.

«Кеше жол апатынан кейін 18 жастағы қыз өте ауыр халде түсті. Науқастың омыртқасы сынған және травматикалық шок алған. Пациентке шұғыл ота жасалды және қазірші жағдайы ауыр», - деп хабарланды аталған орталықтан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше түнде елордада көпір үстінде екі көлік соқтығысып, салдарынан 5 адам мерт болды.

Өз кезегінде қалалық Полиция департаменті ауа райының қолайсыздығынан елордада жол апаттарының жиілей түскенін хабарлады. Және жолаушыларды жол ережесін сақтап, сақ болуға шақырды.



Соңғы жаңалықтар