+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Елордадағы Кіші Талдыкөлдің тағдыры не болмақ - әкімдік түсінік берді

2021 жылғы 8 қыркүйек 17:30
Бөлісіңіз:
Елордадағы Кіші Талдыкөлдің тағдыры не болмақ - әкімдік түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көпшілікті мазалап, жұртшылықты толғандырған Кіші Талдыкөл тағдырына қатысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тағы бір рет ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда қар барысын сақтау үшін қандай шаралар атқарылып жатыр Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі Атырауда экологиялық заңнаманы бұзғандарға 64 млн теңге айыппұл салынды

«Әңгімені Талдыкөл көлі мен сулы-батпақты Кіші Талдыкөлмен шатастырмау керектігінен бастағым келіп тұр. Елорданың бас жоспарына сәйкес, қаланың шығысында орналасқан Талдыкөл көлінің бойында көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Әрине тұрғын үйден бөлек, мектеп, балабақша, емхана және басқа да әлеуметтік нысандар тұрғызылмақ. Осы тұста айтарым, көлдің өзіне тиіспейміз, керісінше оның маңына үй салып, инфрақұрылымды дамытамыз. Сол сияқты батпақты лас суды тазартуды көлді жою деп түсінетін секілді. Бізде көлді жою мақсаты жоқ, керісінше оның лас батпақтан тазартып, сақтап қалмақпыз. Себебі экологиялық көрсеткіштер бойынша оның сулы-батпағы лас әрі зиян»,- деді Нұр-Сұлтан қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Кіші Талдыкөлді заиянды заттардан тазартуға дайындық жұмысы жүріп жатыр.

«Кіші Талдыкөл - баяғыдан батпақты жер. Оның аумағына Целиноград кезінде кәріз қалдықтарын тастаған. Эколог ретінде айтарым, қаланың ішінде немесе жақын жерде жағымсыз иісі бар объект болмауы керек. Бұл туралы БҰҰ-ның да тиісті стандарты бар. Бұл жерде қала әкімдігі көлді сақтап қалудың қамын жасап жатыр. Яғни, тұрғын үйді салушы компанияға көлді тазартып, сақтап қалу талабын қойып отыр. Жасанды бассейн болмақ, оның аумағы - 20 гектар. Оның үстіне маңында саябақ болады. Егер расымен көл тазартылып, сақталып қана қоймай, ондағы инфрақұрылым реттелсе, бұл - сол көлдің болашағы үшін күрескен экологтардың жеңісі деп білемін», - дейді «Байтақ болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Азаматхан Әміртай.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT