Елордадағы қазіргі заманғы өнер мұражайы «Астана және Президент» фотокөрмесін ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күніне орай Астана қаласының қазіргі заманғы өнер мұражайы «Астана және Президент» фотокөрмесін әзірледі, деп хабарлады мұражай директоры Нелли Шиврина.

«Қазіргі заманғы өнер мұражайы мемлекеттік маңызы бар кез келген маңызды шараға көңіл бөліп отырады. Мұражайдың болу-болмауы, қайта құрылуы туралы мәселенің шешіліп отырғанына қарамастан - біз өзіміздің топтамамызды «Астана» Ұлттық сурет галереясына бердік - мұражай жұмысын жалғастыруда және Тұңғыш Президент күніне арналған шаралар өткізілуде. 90-шы жылдары өткізілген сайлау Президентіміздің тұрақтылығын, оның өмірге деген адал көзқарасын көрсетуде», - деп атап өтті мұражай директоры.

Оның айтуынша, фотокөрмеде Мемлекет басшысының елорданы қалыптастырудағы рөлін көрсетілген. «Жылжымалы көрмелер әскери бөлімдерде, «Жас Ұлан» мектебінде, балабақшаларда өткізілуде», - деп баяндады ҚазАқпарат тілшісіне Нелли Шиврина.

Соңғы жаңалықтар