Елордадағы «Қазақстан» спорт кешенін жөндеу жұмысы жақында басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы «Қазақстан» спорт кешенін жөндеу жұмыстары таяуда басталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Бәйкен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау саласында Қошқарбаев көшесі бойында референттік терапия және гемокоррекция орталығын ашу және Нәжімиденов көшесі бойында амблуаторлық-клиникалық көмек көрсететін отбасылық денсаулық сақтау орталығын құру бойынша мемлекеттің міндеттемесінсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің 2 келісімшарты жасалды», - деді қалалық мәслихаттың кеңейтілген отырысында.

Әкім орынбасарының атап өтуінше, спорт саласында да мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің 2 келісімшарты жасалған. Оның бірі мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «Тарлан» паралимпиадалық жаттығу орталығы және мұз алаңындағы жұмыссы ұйымдастыруды қарастырады. Ал екінші жоба «Қазақстан» спорт сарайын жаңғыртуды көздейді.

«Мамандандырылған паралимпиадалық орталық 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Ол - мүмкіндігі шектеулі адамдарға толықтай бейімделген ғимарат. Орталықта спорттың 17 түрі бойынша жаттығулар тегін өткізіледі. Орташа есеппен айына 3,4 мың адам шұғылданады. «Қазақстан» спорт сарайына қатысты осы жылдың сәуірінде өздеріңіз міндеттемені ұзарту туралы қосымша келісімді қолдадыңыздар. Бүгінде нақты жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта бөлшектеу жұмысы аяқталды. Құрылыс жұмыстары мемлекеттік сараптама қорытындысы алынғаннан кейін басталады. Жоспарға және уағдаластыққа байланысты осы жылдың 1 тамызына дейін сараптама қорытындысын алуға тиіспіз», - деді Есет Бәйкен.


Соңғы жаңалықтар