+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Елордадағы «Қазақмыс» ғимаратында өрттің неден шыққаны анықталды

2021 жылғы 22 қыркүйек 16:01
Бөлісіңіз:
Елордадағы «Қазақмыс» ғимаратында өрттің неден шыққаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Қазақмыс» корпорациясы ғимаратында орын алған өрт оқиғасының алдын ала салдары аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да әкелі-балалы екеу балық аулап жүріп суға батып кетті Алматы қаласынан 145 шақырым қашықтықта жер сілкінді Нұр-Сұлтанда көпірден суға секіріп кеткен 15 жастағы қызды 2 жігіт құтқарды

«Кеше сағат 18:33-те «101» пультіне Тұран даңғылы 37 мекенжайында орналасқан әкімшілік бизнес орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай ғимараттың сыртқы қабырғасының қаптамасынан өрт шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша өрт от жағу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан орын алған. Оқыс оқиғаға қатысты іс Полиция департаментіне жіберілді. Бүгінде шығын көлемі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма төрағасы Ерлан Төрегелдиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, кеше қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Тұран даңғылының бойындағы ғимараттардың бірінен өрт шыққаны туралы хабарлаған еді.

Тілсіз жаумен күреске жеке құрамнан 44 адам мен 11 техника жұмылдырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT