Елордадағы Қабанбай батыр даңғылы уақытша жабылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Қабанбай батыр даңғылындағы жолға орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Орташа жөндеу жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады. Қабанбай батыр даңғылы бойынша Қорғалжын тас жолынан Сарайшық көшесіне дейін жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты биыл 31 мамырдан 4 маусымға дейін жоғарыда аталған учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жол-құрылысының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды және қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.


Соңғы жаңалықтар