Елордадағы Қабанбай батыр даңғылы 8 жолаққа кеңейтіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында елорда әкімі Алтай Көлгінов қалада салынып жатқан жаңбыр суына арналған кәріз жүйесі, жолдар мен көпірлер құрылысы жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Уәлиханов пен Бараев көшелерінде, сонымен қатар Момышұлы көшесі бойында, Оқушылар сарайы ауданында құрылыс жұмыстары басталды. Тұран мен Ұлы дала даңғылдарында коллекторлар мен тазарту құрылғыларын қайта құру жүргізілетін болады. Өткен жылы екі тазарту құрылғысын салдық. Биыл алты нысан бойынша жүргізіліп жатыр. Үшеуін осы жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Сонымен қатар қала басшысы елорданың жол инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне де тоқталды.

«Сіздің жол-көлік желілерінің жүктемесін жеңілдету тапсырмаңызға сәйкес, бірқатар маңызды жоба басталды. Үкімет Қабанбай батыр даңғылын 8 жолаққа дейін кеңейтуді, Қорғалжын тас жолы, Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарының қиылысында көлік айырығын салуды қолдады. Қала бойынша биыл 100 шақырым жол салынып, жөнделетін болады. Сонымен қатар Ұлы дала даңғылы бойымен Есіл өзені және Нұрай-Есіл арнасы арқылы 2 көпір құрылысын аяқтау жоспарланған. Сіздің тапсырмаңызбен Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылы бойында жаңа керме көпір құрылысы басталады. Аталған үш көпірді және жолдарды салу қаланың көлік инфрақұрылымының жүктемесін айтарлықтай төмендетеді», - деді Алтай Көлгінов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарата.


Соңғы жаңалықтар