Елордадағы К.Байсейітова атындағы опера және балет театрында «Мәңгілік алау» балет-ораториясының премьерасы өтті

None
None
СТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордадағы К.Байсейітова атындағы опера және балет театрында «Мәңгілік алау» балет-ораториясының премьерасы өтті.

Елорда төрінде алғаш рет сахналанып отырған туындыны тамашалауға келген Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед «Мәңгілік алау» балеті кезінде музыка сүйер жұртшылықтан өте үлкен бағаға ие болған туынды. Сондықтан уақыт өте келе қос автор Серік Еркімбеков пен Дүйсенбек Нақыпов балетті шығармашылық тұрғыдан қайта қарап, толықтырып, көптеген жерлерін қайтадан жазып, бүгін мінеки, музыка сүйер жұртшылықтың назарына ұсынып отыр. Бұған қосымша алматылық хореографымыз Вячеслав Гончаров пен Петербордан шақырылған суретші Вячеслав Окунеев бұл балетке мүлде тамаша жаңа қойылым жасап берді. Сондықтан театр ұжымының Жеңістің 65 жылдығына өте лайықты тартуы деп есептеуге болады», деді.

Ал қойылымның авторлары сол бір кезеңдегі, сол замандағы адамдардың барлық қайғы-қасіретін, жан-дүниесінің тоқырауын, махаббатын осы қойылымда көрсетуге бар күш-жігерлерін салған.

«Ең бастысы біз сол бір жеңімпаз ұрпақтың ерекше руханилығын, өмірге деген сүйіспеншіліктерін әрі ерекше отансүйгіштігін көрсетуге тырыстық», дейді балет авторларының бірі Д.Нақыпов.

Соңғы жаңалықтар