Елордадағы инфекциялық стационарлар 72 пайызға толды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы инфекциялық стаионарлардың жансақтау бөлімінде 230 адам жатыр. Барлық инфекциялық төсек-орынның 1 006-сы ғана бос, оның ішінде 62 реанимациялық төсек-орын., деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов әкімдіктің онлайн брифингісінде айтты.

«Шындығына келсек, елордада коронавирус инфекцияның өршуі байқалып келеді. 22 шілдегі мәлімет бойынша, инфекциялық стационарларда 2 556 науқас жатыр. Оның ішінде КВИ-ге шалдыққандар 2 270 адам, пневманиямен 286 науқас түскен. Осылайша жүктеме 72%-ды құрап отыр», - деді ол.

Басқарма басшысы стационарлардың төсек қуаттылығы 3 562 төсек екенін еске салып, қазіргі уақытта коронавируспен күресуге 16 инфекциялық стационар тартылғанын атады.


Соңғы жаңалықтар