Елордадағы хоккейден Әлем чемпионаты: Бірегей фан-аймақ құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада өтетін хоккейден Әлем чемпионатына орай арнайы фан-аймақ құрылды. Бұл жайында Әлем чемпионатын ұйымдастыру комитетінің PR-директоры Марлен Бейсебаев Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жолы бірегей фан-аймақ жайында әңгімелеп бермекпін. Мұндай-фан-аймақ Қазақстанда өткен бірде-бір спорттық шарада болған емес. Бұл - факт. Оның аумағы 6000 шаршы метрден асып жығылады. Аз емес, иә? Жанкүйерлерге арналған осынау жұмақ «Барыс Аренаға» қарама-қарсы Тұраң даңғылының бойында «Астана Арена» көлік тұрағында орналасқан», - деп жазды ол.

PR-директор фан-аймақта сауда нүктелері, сахна, ойын алаңдары болатындығын атап өтіп, оларға жеке-жеке жан-жақты тоқталып өткен.

«Матчты ұжымдасып көру. Яғни, фан-аймақта лед-экрандар орнатылады, жанкүйерлер матчты опенэйр фарматында тамашалау үшін отыратын және тұрып тұратын орындар, шатырлар, аспалар болады.

Сауда орындары. Ұлттық кәдесый өнімдерін және ӘЧ-2019 атрибутикасын сататын нүктелер, тамақтанатын, тағамдар мен сусындар сататын сауда шатырлары жеткілікті болады. Бұған қоса, киіз үйлер тігіліп, бүркітшілер шоуы өтеді.

Сахна. Фан-аймақта матчтар арасында және матч кезіндегі үзілісте лайв-бэндтер, әртістер өнер көрсететін алаң жұмыс істейді. Жалпы, мерекелік ахуал қалыптастыратынымызға кепіл береміз!

Ойын алаңдары. Сіздерге және балаларыңызға арналған түрлі байқаулар өтетін тақырыптық ойын және көңіл көтеру алаңдары болады. Балаларға арналған ойын алаңдары да бар», - дейді Марлен Бейсебаев.

Еске салайық, 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында «Барыс Арена» мұз айдынында «А» тобындағы дивизион командалары арасында хоккейден Әлем чемпионаты өтеді. «QAZSPORT» телеарнасы матчтарды тікелей эфирден көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар