Елордадағы ХҚКО-да шетелдіктер үшін қосымша сектор ашылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада шетелдік азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталығына жиі жүгінуіне байланысты қосымша секторлар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Динара Қуанышева айтты.

«Шетелдік азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуінің ұлғаюына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Сауран, 7 мекенжайында орналасқан 20 жұмыс орнына қосымша сектор ашу туралы шешім қабылдады», - деді Динара Қуанышева елорда әкімдігінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, А-82 көшесінде орналасқан «Нұрлы жол» теміржол вокзалында 15 жұмыс орны бар көші-қон қызметі секторы жұмыс істейді.

«ЖСН қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушының өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, үшінші тұлға жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхаты болуы қажет. Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күні», - дейді Д. Қуанышева.

Бұған дейін Астана қаласының полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұханбет жыл басынан бері Астанаға қанша шетелдік азамат келгенін жариялаған еді.

Ал шетелдіктерді қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар келушілері туралы Ішкі істер органдарына хабарлауы тиіс. Заң бұзғандарға айыппұл қарастырылған.

Сондай-ақ, 96 адам босқын мәртебесін алу үшін Астана әкімдігіне жүгінген.



Соңғы жаңалықтар