Елордадағы ескі стадион апаттық жағдайда тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның жаңа ғимаратын салу үшін эскиздік жоба жасалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Мұңайтпасов атындағы орталық стадион апаттық жағдайда деп танылуына байланысты қазіргі таңда жобалық іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыс қазір эскиздік жобасын дайындау сатысында тұр», - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі берген мәліметте.

Айта кетейік, биыл елімізде Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы аталып өтіп жатыр.

Сәуірде ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында Мәдениет және спорт министрлігі мемлекет тарапынан қаржылай қолдауға ие болған 17 киножобаның ішінде Қажымұқан туралы жаңа фильмнің де бар екенін растаған болатын. Министрлік мамандарынан нақтылағанымызда «Қажымұқан» фильмі түсіріліп жатқанын растады. Дегенмен, пандемияға байланысты шектеулер ұжымның жоспарын өзгерткендіктен, аталған фильмнің экранға қашан жол тартатыны белгісіз болып отыр.


Фото: wikimedia.org

Соңғы жаңалықтар