+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Елордадағы Достық үйінде пікір алмасу клубы ашылды

2019 жылғы 13 қараша 04:28
Бөлісіңіз:
Елордадағы Достық үйінде пікір алмасу клубы ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Достық үйінде «Мәміле» атты қазақ тілі пікір алмасу клубының ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды. Оған елордалық ЭМБ және жастар қанатының мүшелері, қазақ тілі пәнінің оқытушылары және ана тіліне жанашыр қауым қатысты.

Іс-шара модераторы Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова елордадағы Достық үйінен ашылып отырған «Мәміле» қазақ тілі пікір алмасу клубының маңызын атап өтіп, мемлекеттік тіл аясын кеңейтуге байланысты ауқымды жұмыстардың жүзеге асырылып жатқандығын мәлімдеді.

«Жалпы биылдың өзінде төл мәдениетімізді, салт-дәстүрлерімізді, ана тілімізді және барлық саланы дамытуға бағытталған бірқатар істер атқарылды. Соның бастысы ретінде «Қазақтану-ел бірлігінің негізі» атты ауқымды шараны атап өтуге болады. Бұл ретте «Рухани» жаңғыру бағдарламасы аясында да көлемді істер атқарылды. Негізінен, біз мемлекеттік тіл маңызын арттыру арқылы түрлі саладағы ауқымды жұмыстарды еңсеруге өз үлесімізді қосып келеміз. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі ашылып отырған «Мәміле» қазақ тілі пікір алмасу клубының маңызы өте ерекше», - деді Л. Құсайынова.

«Мәміле» жобасының жетекшісі, «Ситуативный казахский» әдістемесінің авторы Қанат Тасыбеков, «Тен» лингвоорталығының жетекшісі Владислав Тен және про­фес­сор, философия ғылым­да­рының докторы Қазбек Қазкенов мемлекеттік тілдің маңызын атап өтіп, оны таза қалпында сөйлеу әрі жазу қажеттігіне басымдық берді.

Қ. Тасыбековтің айтуынша, бүгінде елімізде 17 «Мәміле» қазақ тілі пікір алмасу клубы ашылыпты. Сонымен бірге, ол әр жылдары 3 том болып шығарылған «Ситуативный казахский» әдістемесінде тілге қатысты жеткілікті мәліметтердің қамтылғанын және тілді еркін меңгеруге болатындығын атап өтті.

Жиын барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Қадырбай Нұрпейісов Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА «Мәміле» клубының модераторы болып ұсынылып, бұл бойынша атқарылатын істер бағыты талқыланды.

Қорытындысында шара қатысушыларына «Мәміле» пікір алмасу клубының сертификаттары табысталып, олар естелік суретке түсті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT