Елордадағы діни ахуалды мониторингілеуге 40 млн теңге бөлудің қажеті қанша - «Нұр Отан» өкілі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы діни ахуалға әлеуметтік зерттеу жүргізуге 40 млн теңге бөлу тым көп. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Иә, діни ахуалды мониторингілеу қажет екенін түсінемін. Бірақ әлеуметтік зерттеу жүргізуге жарты жылға 40 млн теңге бөлеміз бе? Меніңше, бұл өте жоғары сома және шынымды айтсам кеңес мүшесі ретінде мұның бізге не беретініне, қандай шаралар қолданылатынына қатысты ешқандай ақпаратты көріп тұрғаным жоқ», - деді ол Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңес отырысында.
Айта кетерлігі, қоғамдық кеңес отырысында Нұр-Сұлтан қалалық стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айжан Түгелбаева 2019 жылғы қала бюджеті туралы баяндама жасады. А.Түгелбаеваның сөзіне қарағанда, қалалық қоғамдық даму істері басқармасының биылғы бюджеті 364,5 млн теңгені құрайды. Оның 40 млн теңгесі өңірдегі діни ахуалды зерделеуге және саралауға жұмсалмақ.
- Елордада «Күлше қыз» балетінің премьерасы өтеді
- Елорда маңындағы бірқатар жолдар ашылды
- Нұр-Сұлтанда 2 тоннадан астам зақымданған анар жемісі өртелді
- Ақтөбеде «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
-
Түркістанда сәулеті ерекше еңселі мешіт бой көтереді
-
Алматыда имамдардың аймақтық форумы өтті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам