Елордадағы боран қашан тоқтайды – Қазгидромет болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК қаңтар айының үшінші онкүндігіндегі елорданың ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдағы үш тәулікте Қазақстан ауа райында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Республиканың басым бөлігі Ресей мен Скандинавияның солтүстік аймақтары арқылы жылжитын атлантикалық циклондармен байланысты атмосфералық ағындардың ықпалында болады. Сондықтан көптеген облыстарда қар, бұрқасын болып, батыстан күшті жел соғады. Солтүстік облыстарда желдің күші 30 м/с жетуі мүмкін, тұман мен көктайғақ та күтіледі. Ауа температурасы орташа көпжылдық нормадан 5...8°С-қа, солтүстік облыстарда 8…13°С-қа жоғары болады», - делінген «Қазгидромет» РМК ресми хабарламасында.
Нұр-Сұлтан қаласында 24 қаңтарда ауа температурасы -1-3°C аралығында болады. Аспанда бұлт басып, қар жауады және оңтүстік-батыстан соққан жел жылдамдығы күндіз 9-14, түнде – 15-20 м/с жетеді.
25 қаңтарда көшпелі бұлт шығып, кейде қар жауады және бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз 9-14, түнде 15-20 м/с жетеді. Түнде және күндіз ауа температурасы -5-7°C болады.
26 қаңтарда да елордада көшпелі бұлт, қар және бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-қа жетеді деп болжанған. Күндіз ауа температурасы -5-7°C, түнде -13-15°С болады.
«Циклондық белсенділік ықпалынан қалың қар, қатты жел мен бұрқасын сақталады. Тек айдың соңында, 28-31 қаңтарда бұлт тарап, жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы түнде 15 ... 22°C, күндіз 7 ... 15°C аязға дейін төмендейді», - деп хабарлады Қазгидромет.
- Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер қарудан оқ атқан
- Қызылордада көліктері қар құрсауында қалған алты аңшы құтқарылды
- Нұр-Сұлтанды газбен қамту жұмыстары қалай жүріп жатыр
- Қазгидромет: Қазақстанның солтүстігінде 40 градус аяз болады
-
Бес қалада ауа сапасы нашарлайды
-
Қостанай облысында дизельмен жүретін көліктердің қозғалысына тыйым салынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам