Елордадағы бокс кеші: Тағы бір қазақ боксшысы өзбекстандық қарсыласын тізе бүктірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінің тағы бір жекпе-жегі отандасымыздың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айдар Әмірзақов (Қазақстан) пен Дильшодбек Исроилов (Өзбекстан) арасындағы кездесудің алғашқы екі раунды аңдысумен өтті.

Қалған екі раундта шаршы алаң иесінің соққылары көздеген жеріне дөп тиіп жатты.

Төрешілердің шешімі бойынша Айжар Әмірзақов 37:39 есебімен жеңіске жетті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі бокс кеші «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі.

Еске сала кетейік, кештің басты айқасында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леал жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуіне таласқа түседі.

Жалпы, кеш аясында Қазақстанның 14 (13 жұп) боксшысының өнерін тамашалауға болады.


Соңғы жаңалықтар