Елордадағы бокс кеші: Айдар Шәрібаев ресейлік боксшыны жеңіп кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізіліп жатқан кәсіпқой бокс кешінің алтыншы жекпе-жегінде де қазақстандық боксшы жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

63,5 келі салмақ өлшемі бойынша қазақстандық Айдар Шәрібаев Ресей атынан сынға түсіп жүрген Шохрух Абдиевпен күш сынасты.

Алты раундтық айқастың үшінші раундында қазақстандықтың ауыр соққылары қарсыласын екі рет тізерлетті.

Төрешілердің бірыңғай шешімі бойынша жеңіс Қазақстан боксшысына бұйырды. Есеп — 57:57,57:56, 59-54.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі бокс кеші «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Отандасымыз бұған дейін кездесу өткізіп 16 кездесу өткізіп, оның алтауын нокаутпен аяқтаса, оның қарсыласы 15 жеңісінің төртеуін нокаутпен тәмамдап, бір жекпе-жегін сәтсіз аяқтаған.



Соңғы жаңалықтар