+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елордадағы блокпостар қашан алынады – Алтай Көлгіновтің жауабы

2020 жылғы 26 мамыр 16:43
Бөлісіңіз:
Елордадағы блокпостар қашан алынады – Алтай Көлгіновтің жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордаға кіріп, шығатын жолдардағы блокпостар әзірше алынбайды. Бұл туралы Хабар-24 телеарнасының тікелей эфирінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылық инфекционист коронавирустан сақтану және емделу жөніндегі басты сұрақтарға жауап берді СҚО-да аудан орталығының тұрғындары карантинге қарамастан той өткізген Шымкентте  коронавирустан 3,3 мың науқас емделіп шықты

«Біз үш бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Біріншісі - сыртқы шекараның жабылуы. Алғашқы вирустың шетелден келгендігін және содан кейін барып таралғандығын ескере отырып халықаралық рейстер тоқтатылды», - деді ол.

Елорда әкімінің айтуынша, екінші бағытта ішкі шекаралар, яғни, өңіраралық шекараларды жабу жұмыстары қолға алдынды.

«Қазіргі уақытта әр өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың әртүрлі екендігін көріп отырмыз және блокпостардың арқасында өзін-өзі оқшаулау, әлеуметтік ара қашықтық режимін қамтамасыз етіп, вирусты оқшаулай алдық», - деді Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, үшінші бағытта қалада орамішілік бақылауды күшейту жұмыстары жүргізілді. Бұл да вирустың таралуына қатысты жағдайды бақылауғаалуға мүмкіндік берді.

«Маусым айында темір жол қатынасы қайта жанданатын болады. Осыған орай блокпостқа қатысты мәселені қарастырып жатырмыз. Бірақ, мамыр айының соңына дейін блокпостарды алмаймыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT