Елордадағы бірқатар тұрғын үй кешенінде ауыз су уақытша тоқтатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы бірнеше тұрғын үй мен нысандарда дәнекерлеу жұмыстарына және сумен жабдықтау жүйесінің маңызды бөліктерін ауыстыруға байланысты ауыз су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда инфоға сілтеме жасап.

«Астана су арнасы» Тәуелсіздік даңғылындағы 21/1 үйде жоспарланған жөндеу жұмысына байланысты ауыз су беру 10 желтоқсанда сағат 23:00-ден 11 желтоқсан таңғы 06:00-ге дейін тоқтатылады», - делінген хабарламада. Алматы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы даңғыл бойындағы тұрғын үй кешендерінде су берілмейді. Тәуелсіздік даңғылы 12, 12/1, 12/2, 14, 14/1, 14/2, 1, 1/1, 3/1, 16-үй; Жалайыри көшесі 1, 3, 5; Саргүл көшесі 7; Шарль де Голль көшесі 13; Тасшоқы көшесі 1, 2; Романтикова көшесі 27.

Тұрғын үйден басқа нысандар: Тәуелсіздік даңғылы 10, 16/1, 18/1, 18, 20/1; Тәуелсіздік даңғылы 14/3, № 21 «Гүлдер» балабақшасы.

Соңғы жаңалықтар