Елордадағы Бигелдинов көшесі мен Алаш тас жолы жартылай жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Бигелдинов көшесі мен Алаш тас жолы 10 тамызға дейін жартылай жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Бигелдинов көшесінде Сарыарқа даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі учаскеде жол құрылысы жоспарланған, деп мәлім етті қалалық көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған байланысты 4-10 тамыз аралығында қозғалысты ішінара жабу жоспарланған. Сонымен қатар 4-10 тамыз аралығында Алаш тас жолындағы көпірден Жолымбет көшесіне дейін көлік қозғалысы жартылай тоқтатылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек. «Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар