Елордадағы Бейсекова көшесі ертеңнен бастап жабылады

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада жол-көлік айырығының құрылысына байланысты Шара Бейсекова көшесі көлік қозғалысы үшін толығымен жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Н.Тілендиев даңғылы мен Ш.Бейсекова көшесінің қиылысында екі деңгейлі жол-көлік айырығының құрылысын жүргізетін болады.

Осыған байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 25 наурыздан бастап Н.Тілендиев даңғылының қиылысында Ш.Бейсекова көшесі (Сейфуллин көшесі жағынан және»Сәлем«базары жағынан) бойымен көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады», - делінген Астана әкімдігінің хабарламада.

Қазір жол-көлік айырығы салынатын ауданда инженерлік желі құрылысы, сондай-ақ көпір өткелінің темір-бетонды діңгектерін орналастыру басталды.

Жолда кептеліс тудырмау үшін жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.


Соңғы жаңалықтар