Елордадағы бейне камералар саны 10 мыңға жетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы елордадағы бейне камералар саны 10 мыңға жетеді. Бұл туралы бүгін «Қала ДНК-сі: Қоғамдастық. Бизнес. Билік» бірінші урбанистік форумында елорда әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өмір сапасы жайында айтар болсақ, біз 34 әлеуметтік стандарт әзірледік. Олар қадамдық қолжетімділік ұстанымы бойынша анықталған. Бұлар саябақтар, спорттық алаңдар, емханалар, учаскелік полиция бекеттері, дүкендер мен балабақшалар. Біз 129 сектордан тұратын, 10 мыңға дейін адамды қамтитын бағдарлама әзірледік. Олардың барлығы да аталған стандарттармен қамтылуы тиіс», - деді Әсет Исекешев.

Оның айтуынша, қала әкімдігі 2020 жылға дейін қалалықтар үшін ыңғайлы барлық әлеуметтік және  экономикалық стандарттарды әзірлеуді мақсат етіп отыр.

«Осы жылдың соңына дейін 10 мың бейне камера орнатылатын болады. Әзірше олардың саны ең маңызды орындарда 3 мыңды құрайды. Мұнан бөлек 109 қызметі жұмыс істеп тұр. Тұрғындарды алаңдатқан барлық ақпараттарды жинақтап отырамыз. 5 айдың ішінде 300 мың хабарлама мен қоңырау келіп түсті. Біз оларды күн сайын қараймыз және қаланың қай ауданында тұрғындарды не алаңдататындығын білеміз. Мәселен, 5 процентін сумен қамтудағы іркілестер, 10 процентін қоғамдық көліктегі жағдайлар алаңдатады. Біз бұл мәселелерді тез арада шешуге көмектесеміз», - деді елорда әкімі.

Соңғы жаңалықтар