Елордадағы Байқоңыр ауданының әкімі пара алғаны үшін сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Байқоңыр ауданының экс-әкімі сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 ақпанда Есіл ауданы №2 аудандық сотының үкімімен Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының бұрынғы әкімі А.С.Есілов 515 000 теңге тұратын ұялы телефон түрінде пара алғаны және футбол алаңдарының құрылысы бойынша қосалқы мердігерлік жұмыстарды алуға жәрдем бергені үшін (ҚК 366-бабының 2-бөлігі), ал кәсіпкер С.С.Нұртазин пара бергені үшін (ҚК 367-бабының 2-бөлігі) кінәлі деп танылды.

«Сотталушылардың жасаған қылмысы үшін өкініп, кінәсін мойындағанын, асырауында жас балалардың барын ескере отырып, іс жеделдетілген сотқа дейінгі өнідірісте тергеп-тексерілді. Сот отырысы барысында прокурор А.С.Есіловке – 15 450 000 теңге және С.С.Нұртазинге – 7 725 000 теңге көлемінде айыппұл салуды сұрады» делінген хабарламада.

Сот үкімімен А.С.Есілов - 15 450 000 теңге, С.С.Нуртазин - 7 725 000 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Екі сотталушы да мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Айыппұлды төлеуден бұлтарған жағдайда аталмыш жаза түрі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар