Елордадағы Байқоңыр ауданында соттар ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы төртінші «Байқоңыр» ауданы бойынша қылмыстық және азаматтық істерді қарайтын соттар ашылды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2018 жылғы 28 маусымда ҚР Президентінің Жарлығымен Астана қаласының Байқоңыр аудандық соты және Байқоңыр ауданының №2 аудандық соты құрылды.

Байқоңыр аудандық соты азаматтық істерді қарайды. Соттың ғимараты Абай көшесі 36 мекенжайы бойынша орналасқан. Байқоңыр ауданының №2 аудандық соты қылмыстық істерді қарайды. Бұл істер  Жеңіс көшесі 15А мекенжайында талқыланады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Астанада төртінші жаңа аудан пайда болып, осы аумаққа «Байқоңыр» ауданы деген атау берілді.  Оның аумағы 18 129 гектарды құрайды, ал тұрғындарының саны - 211 мың адам.

Соңғы жаңалықтар