Елордадағы балалар үйінің тәрбиеленушілері Кадет корпусына барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық балалар үйінің тәрбиеленушілері Шоқан Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусына барды. Аталмыш шара мектептерде әскери-патриоттық тәрбиені күшейту туралы Мемлекет басшысы Жолдауының талаптарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Онда балаларға аталмыш оқу орны мен оның ғылыми базасымен танысып, әскери техникаларды, спорт кешені, мұражай сияқтарды орындарды аралап, кадеттердің өмір сүруі, жалпы тыныс-тіршілігін көріп қайтты.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қорғаныс министрлігінің басшылығы сержанттар құрамын дайындау мен дамытуға айрықша көңіл бөледі. Бүгінде Кадет корпусы кәсіпқой сержанттарды дайындаудың негізгі орталығы болып табылады. Арнайы бағдарлама шеңберінде Қарулы Күштерде және өзге де әлеуетті күштерде сержант лауазымдарында келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан кіші командалық құрамның кәсіби кадрларының дайындығы жүргізілуде.

Экскурсия соңында балалар үйінің тәрбиеленушілері кадеттердің өмірімен танысуға мүмкіндік алғандары үшін алғыс білдірді.

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің сайты

Соңғы жаңалықтар