Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
2022 жылғы 12 тамыз 21:20

Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада 8 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында полиция және арнайы қызметтердің бірлесуімен «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«11 тамыз күні сағат 17:10-де елордалық криминалдық полиция басқармасы, ҰҚКД және МКҚ қызметкерлері «Алматы – Екатеринбург» тас жолы бойындағы орман екпелерінде, айналма жолдан 900 метр қашықтықта, шөптердің арасынан қару жасырылған орынды тапты.

Тексеру кезінде қолдан жасалған, оқсыз атылатын Калашников автоматы және қолдан жасалған, 9 мм калибрлі 7 патроны бар «МР-371» сигналды тапаншасы табылды. Екі қару да атуға жарамды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген сайт хабарламасында.


Фото: polisia.kz

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT