Елордадағы автобус парктерінің бірқатар лауазымды тұлғалары жауапқа тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада автобус жүргізушілерінің 500-ден астам құқық бұзушылығы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана қалалық полиция департаментінің Инстаграмдағы ресми парақшасында жария етілген мәліметке сәйкес, елордада «Автобус» жедел алдын алу шарасы 18-20 қазан аралығында өткізілген. Шара қала жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік басқару тәртібін арттыру, қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын жүргізушілерді анықтау мақсатында ұйымдастырылған.

Нәтижесінде Жол полициясы қызметінің қызметкерлері жолаушылар тасымалдайтын автобус жүргізушілерінің 500-ден астам құқық бұзушылығын анықтаған. Оның ішінде 60-қа жуық жүргізуші ауаны ластаушы заттарды нормативтен жоғары бөлетін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды жүргізген. 30-дан астам жүргізуші автобус жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлессе, 20-ға жуығы жүргізуші көлігін белгіленген жылдамдықтан асырып айдаған. 30-дан астам автобус қала көшелеріне техникалық тексеруден өтпестен шығарылған. Осы және өзге де бұқық бұзушылықтарға байланысты автобус парктерінің 10-ға жуық лауазымдық тұлғасы әкімшілік жауапқа тартылды.

null 

Бұған дейін Астанада жолақы төлемеген 5 мыңдай жолаушыға айыппұл салынғаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар