Елордадағы атыс: Дәрігерлер жараланған азаматтардың жағдайы туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы оқ тиіп жарақат алған азаматтардың денсаулығына қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауруханаға жеткізілген азаматтарда айтарлықтай жарақат жоқ. Оларды мамандар тексергеннен кейін амбулаториялық ем алу үшін үйлеріне жіберді. Олардың ешқайсысы ауруханаға жатқызылмады», - деп атап өтеді басқарманың баспасөз қызметінен.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 25 тамыз күні Жедел басқару орталығына Маман көшесінде атыс болып жатқаны туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен полицейлер жағдайға көз жеткізді. Бір топ адам жанжалдасып, ашуға булыққан біреуі басқаларға қарудан оқ жаудырған. Салдарынан 4 адам жараланды. Оның біреуі ауруханаға жеткізілген соң көз жұмды. Күдіктілер оқиға орнынан ізін жасырған.

Елордалық полицейлердің шұғыл әрекетінің арқасында күдіктілер бір тәулік ішінде ұсталды. Қазіргі уақытта олар қамауға алынған. Аталмыш іске қатысы бар барлық адам анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар