Елордадағы «Астана Арена» спорт кешенінің төбесі құлады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы «Астана Арена» спорт кешенінің шатыры қалың қарды көтере алмай, ортасына опырылып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін таңғы сағат 08:00 шамасында жауын-шашынның салдарынан кешен шатырындағы поликарбонаттық плиткалар құлап түсті. Қазір шатырды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Адам шығыны мен зардап шегушілер жоқ», - деп түсініктеме берді «Астана Арена» спорт кешенінің директоры Дмитрий Антоничев.

Оның айтуынша, спорт кешенінің шатыры шыны плитка болғандықтан, оның үстіндегі қарды тазалау мүмкін болмай отыр.

Айта кетсек, аталған кешен төбесінің опырылып түскені туралы Facebook әлеуметтік желісіне елордалық тұрғын жариялаған болатын.


Соңғы жаңалықтар