+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Елордадағы әкімшілік соттың судьялары үш есе артық жұмыс істеуде

2020 жылғы 14 ақпан 12:25
Бөлісіңіз:
Елордадағы әкімшілік соттың судьялары үш есе артық жұмыс істеуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы бір судья жылына 2800-ге дейін істі қарап, шешім шығарады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Уәлихан Рахматуллаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин кезінде толтырылған негізсіз жазаны сотта қарауға болады – Марат Бекетаев Бүгін Нұр-Сұлтанға үш рейспен 274 адам келді Коронавируспен күрес: Елордада 30 наурыз бен 6 сәуір аралығында жаңа тәртіп енгізіледі

«2019 жылдың 12 айында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының өндірісіне 36 736 әкімшілік іс келіп түсті. Оның 34 591-і өзінің негізі бойынша қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Ал жалпы 2018 жылы біздің сотқа 33 317 іс түскен еді. Яғни, 2019 жылы әкімшілік соттың жүктемесі 3,5 мың іске көбейіп отыр. Сонымен қатар, әкімшілік сотқа мемлекеттік өкілетті органдардың шығарған қаулыларын және олардың іс-әрекетіне шағымдануына байланысты 1 417 іс келіп түскен. Бұл арыз-шағымдар толық қаралып, тиісті шешімдерін тапты», - деді Уәлихан Рахматуллаев қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотта өткен баспасөз мәслихатында.

Сот төрағасы әкімшілік соттың жүктемесі ауыр екенін айтады. Оның келтірген мәліметіне сенсек, 2019 жылы бір айда әрбір судья шамамен 240-250 іс қараған.

«Бір жылдың ішінде орта есеппен алғанда бір судьяның жүктемесі 2700-2800 іс болып отыр. Негізгі нормативке байланысты әрбір судья айына 80 іс қарауы керек. Яғни, біздің судьялар нормативтен әлдеқайда көп көрсеткішпен жұмыс істеп отырғанын айта кеткім келеді. Сонымен қатар 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының құрамы көбейіп, сот құрамы екі судьяға көбейтілді. Бұрын әкімшілік соттың құрамында 14 судья қызмет етуде», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Сот,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT