Елордадағы №59 сайлау учаскесінде тұрғындардың 30 пайызы дауыс берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келген елордадағы №59 референдум учаскесінде осы уақытта дауыс берушілердің 30 пайызы өз таңдауын жасады. Бұл туралы аталған учаскенің комиссия төрағасы Амангелді Мырзабаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Учаскеде дауыс беруші ретінде 2553 адам тіркелген. Қазіргі кезде жалпы тіркеудегі адамдардың 30 пайызы дауыс беріп үлгерді. Дауыс беру жалғасып жатыр», - деді Амангелді Мырзабаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №59 дауыс беру учаскесіне келіп, республикалық референдумда өз таңдауын жасады.

Сонымен қатар Президент сайлау учаскесінде тілшілер сауалына жауап берді.

Қ.Тоқаев ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты айтып өтті.


Соңғы жаңалықтар