Елордадағы 100 электробусқа жүргізушілер дайындалып жатыр - «Астана LRT»

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордаға жеткізілетін 100 электробусқа жүргізушілер дайындалып жатыр. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында елордадағы қоғамдық көлік жүйесіне 100 жаңа электробуспен толығады.
«Көп жылдардан бері біз автобустардың түрлі модельдерін пайдаланып келеміз, олардың техникалық сипаттамасы бізге түсінікті. Бұл тұрғыда әр модельге тыңғылықты қарау керек. Осы орайда өзіміздің тәжірибемізді ескере отырып, сапалы техниканың мән-жайынан хабардармыз. Қымбат емес автобустарды алып, олар бір жылдан кейін шашыла бастаса, бұдан шығынға тап боламыз. Біздің қала өсіп келеді, жыл сайынғы өсім 5 пайыздан астам. Тұрғындар қоғамдық көлікке белсенді түрде ауысып жатыр», - деді «Астана LRT» басшысы баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қазіргі кезде қала тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру мақсаты тұр.
«Сәйкесінше, қауіпсіздік пен пайдалану қолайлығы тұрғысынан барлық талаптарға сай техниканы алуға тырысамыз. Талдау нәтижелері бойынша электробустарды алу шешімін қарастырдық. Осы ретте сапалы өнімді алып, елеулі шығынсыз бұл машиналар 10 жыл жүріп береді дегенді түсіну керек. Қазіргі кезде жүргізушілерді дайындап жатырмыз, яғни осы электробустарға біліктілігі бар мамандар отырғызылады. Электробустарда аса көп бөлшек жоқ, онда негізгі бөлшегінің бірі - батарея. Батереяға кепілдік мерзімі белгіленген, сондай-ақ сервистік қызмет көрсету де ескерілген», - деді Бекмырза Игенбердинов.
- Көлсай мен Қайыңды көлінде коньки тебуге бола ма
- Атырауда мас көлік жүргізген 558 жүргізуші жазаланды
- Ақмола облысының тұрғындары жолдағы қауіпті учаскелерді қосымша арқылы біле алады
- Жамбылда аузымен сурет салып, кесте тоқитын ерекше қыз тұрады
-
ШҚО-да қар құрсауында қалған екі балықшы құтқарылды
-
ҚХЛ: Никита Михайлистің үш голы «Барысқа» жеңіс әперді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам