+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Елордадағы 10 мектепке тарихи тұлғалардың есімдері берілді

2021 жылғы 28 қыркүйек 13:01
Бөлісіңіз:
Елордадағы 10 мектепке тарихи тұлғалардың есімдері берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы 10 мектеп пен 1 филармония және 1 театрға Қазақстанның тарихи тұлғалары, танымал жазушылары мен қоғам қайраткерлерінің есімдері берілді.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада Astana Mining&Metallurgy 11-ші тау-кен металлургия конгресі өтіп жатыр Елордада «Автомобиль» жедел алдын алу шарасы барысында ұрланған 28 көлік табылды 2022 жылы елордада ескі үйлердегі тұрғындардың мәселесі шешіледі

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысы Сәкен Есіркеп жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елордамыздың 10 мектебі мен 2 мәдениет мекемесіне тарихи тұлғалардың есімін беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 669 қаулысы шықты. Мұны мекеме ұжымдары, ғалымдар, зиялы қауым, жалпы көпшілік көптен күтіп жүр еді»,-деді ол.

Сонымен:

№ 35 мектеп-лицейге Нəзір Төреқұловтың;

№ 51 мектеп-гимназияға Мұстафа Шоқайдың;

№ 53 мектеп-лицейге Бауыржан Момышұлының;

№ 54 мектеп-лицейге Ақселеу Сейдімбектің;

№ 61 орта мектепке Қаныш Сəтбаевтың;

№ 67 гимназияға Ілияс Есенберлиннің;

№ 74 мектеп-гимназияға Мұқағали Мақатевтың;

№ 78 мектеп-гимназияға Смағұл Сəдуақасұлының;

№ 86 мектеп-гимназияға Мұхтар Әуезовтің;

№ 90 гимназияға жазушы Қайым Мұхамедхановтың;

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясына Еркеғали Рахмадиевтің;

Нұр-Сұлтан қаласы əкімдігінің «Nomad City Hall» театрына Əзірбайжан Мəмбетовтің есімі берілді.

«Құтты болсын! Бүгін ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың туған күні. Сондықтан бүгінгі жаңалық әйгілі қаламгердің 124 жылдығына жақсы сый болды деп ойлаймын. Алдымызда әлі біраз мектеп пен мемлекеттік нысанға да ірі тұлғаларымыздың атын беру жоспарда бар. Бәрі өз ретімен, қолданыстағы заңнамалық рәсімге сәйкес іске асады»,-делінген жазбада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT