Елордада жылу өшіріле бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада жылу өшіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік нысандарға жылу беру кейінірек тоқтатылады.

Бұдан бұрын қалада қолайлы күн райының орнауына байланысты жылу беру 18 сәуірден бастап тоқтатылатыны хабарланған.
«Қаланың жылыту маусымына дайындығы және оны өткізу ережелерінің 42-тармағына сәйкес, сырттағы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +10 градус және одан жоғары болған жағдайда Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органы бес күнтізбелік күн ішінде шешім қабылдайды. Бесінші күн 17 сәуірге сәйкес келетінін ескеріп, жылуды 18 сәуірден бастап өшіру туралы шешім қабылданды. Әлеуметтік нысандар ғана жылу беруден ажыратылмайды«, - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар