+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Елордада жыл соңына дейін үш жастарға қызмет көрсету орталығы ашылады

2021 жылғы 16 қыркүйек 09:05
Бөлісіңіз:
Елордада жыл соңына дейін үш жастарға қызмет көрсету орталығы ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының үш ауданында жастарға қызмет көрсету орталығын ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада құмар ойынын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды Астаналықты пышақпен қорқытып ұялы телефонын алған күдікті ұсталды Ақмолалық жастар Қазақстанның 30 жылдағы жетістіктерін талқылады

Елордадағы алғашқы жастарға қызмет көрсету орталығы Сарыарқа ауданында маусым айында іске қосылды.

Жұмыс істеген үш ай ішінде орталыққа 630-ға жуық жасты қабылдап, оларды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама және басқа да өзекті мәселелер бойынша консультация берді.

Қазіргі уақытта Сарыарқа ауданындағы Жастарға қызмет көрсету орталығы онлайн және офлайн форматта бос уақытты тиімді ұйымдастыру, бастаманы қолдау, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру, тұрғын үй мәселелеріне қатысты мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру және сүйемелдеу, психологиялық және құқықтық көмек көрсету, спортты насихаттау және 14-29 жас аралығындағы жұмысшы жастар, NEET санатындағы жастар үшін оның қолжетімділігі және т. б. бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Орталықта, мысалы, «Отбасы банк» АҚ, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «iKomek109» сияқты ұйымдардың қызметін алуға болады.

ЖБО-ға жобаларды қолдау және бизнесті ашу бойынша көмек сұраған жастар үшін олардың кәсіби және жеке дағдыларын дамыту мектебінің «Time to change» жобасының базасында тренинг өткізіледі. Үш айдың ішінде 6 500-ден астам тыңдаушы, оның ішінде 860 – жаңа бастаған кәсіпкер, 3 600 – жұмыссыз жас, 1 850 – студент, 190– халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары мен мүмкіндігі шектеулі адамдар оқыды. Тренерлер – танымал қоғамдық пікір көшбасшылары.

Сондай-ақ, жастардың көпшілігі жұмыс іздеуде көмек алу үшін ХБО-ға жүгінеді. Онлайн және офлайн жәрмеңке өткізілді.

Сонымен қатар, Жастарға қызмет көрсету орталығы елордалық халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен бірлесіп «Алғашқы жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Қоғамдық жұмыстар», «Жастар практикасы» бағдарламалары бойынша жұмыс іздеушілерді жұмысқа орналастырды.

Сондай-ақ, «Отбасы банк» консультанттары «Елорда жастары» ЖРО қызметкерлерімен бірлесіп жастарға депозиттік шот ашу және «7-20-25», «Бақытты Отбасы» және т.б. бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Алматы, Есіл және Байқоңыр аудандарында жастарға қызмет көрсету орталықтарын 2021 жылдың соңына дейін ашу жоспарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT