Елордада жыл соңына дейін қандай тұрғын үй кешендері пайдалануға беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кешкілік қаланы аралау барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Н.Тілендиев даңғылы мен жобалық атауы C302 көше қиылысында орналасқан тұрғын үй кешенінде 419 пәтер бар. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Тұрғын үй кешені жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, қала әкімі А. Көлгінов құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешеніне барды (Н.Тілендиев даңғылы, Сарыбұлақтың бойында). Осы тұрғын үй кешенінің кілті 530 адам беріледі. Жалға берілетін тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына да арналған. Тапсыру мерзімі 2020 жыл.

А. Көлгіновтің атап өтуінше, ғимаратқа барлық инженерлік желілер жүргізіліп, аумағы абаттандырылғанда ғана, яғни толығымен дайын болған кезде ғана үйді пайдалануға беру қажет.

2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражаты есебінен жалпы саны 2 400 пәтерлер тапсырылған. Келесі жылы тұрғын үй көлемі 3 есеге артады.

Соңғы жаңалықтар