Елордада жыл соңына дейін бірнеше әлеуметтік тұрғын үй салынады – әкім

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл соңына дейін бірқатар қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй саламыз. Қаланы аралау барысында жеңілдікпен берілетін үйлердің құрылыс барысымен таныстым. Көппәтерлі тұрғын үй кешендері қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан, дейд елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Бұл туралы ол бүгін өзініңInatagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәселен, Рыскелді қажы (Сарыарқа ауданы) мешіті жанында орналасқан тұрғын үйді жыл соңына дейін тапсырамыз. Бұл жерден кезекте тұрған 530 адам пәтер алады. Олар халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жатады.

Сонымен қатар, Алматы ауданы (метроға жақын) мен Жағалау ауданындағы тұрғын үйлердің құрылыс барысымен таныстым. Пәтерлердің жалпы саны 2 мыңнан асады. Олар кезекте тұрғандарға, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына, Шаңырақ «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасының қатысушыларына беріледі. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аудара отырып, құрылыс қарқынын арттыруды тапсырдым»,-деп жазды Нұр-Сұлтан әкімі.


Соңғы жаңалықтар