USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда биыл 2 отбасылық денсаулық орталығы ашылады

2021 жылғы 28 қазан 17:17
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда биыл 2 отбасылық денсаулық орталығы ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жыл соңына дейін 2 отбасылық денсаулық орталығы ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылық дәрігерлер денесінің 40 пайызын күйік шалған ер адамды аман алып қалды Қазақстанда инсультті тез анықтайтын жоба іске қосылды Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы алуға жазылу басталды

«2018-2020 жылдары аралығында жаяу 20 минуттық жердегі қолжетімділікті қамтамачыз ететін «Үйдегі дәрігер» 30 нысаны ашылды. Оның 25-і жеке инвестиция тарту арқылы жүзеге асырылды және 260 мыңнан астам тұрғынды қамтиды. Ал алтауы қаланың шеткері аймақтарында орналасқан. Биыл мұндай 10 нысан ашу жоспарланған», - деді ол қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін 2 отбасылық денсаулық орталығы ашылады.

«Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы» ЖШС-нің 2 нысаны бар. Біреуі Тұран даңғылы 55 мекенжайында орналасқан. Нысанға жөндеу жұмыстар жүргізіліп жатыр және 15 желтоқсанда ашылады. Орталық 14 400 адамға қызмет көрсетеді. Келесі орталық - Сауран көшесі 15 мекенжайында. Ол жерде де жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және қарашаның ортасында аяқталады. Онда шамамен 3,5 мың тұрғынға арналған екі учаске болады», - деді Әлия Рүстемова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT