Елордада жыл сайын 168 мың азамат әлеуметтік қолдаумен қамтылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жыл сайын 168 мың азамат әлеуметтік қолдаумен қамтылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары Бақтияр Ғарифуллин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайын 168 мыңнан астам азамат әлеуметтік қолдаумен қамтылады. Олар: зейнеткерлер, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, мүгедектер, мүгедек балалар, көпбалалы отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған аналар, аз қамтылған отбасылар. Мейрамдар мен атаулы күндерде бірреттік төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Көмектің бұл түрін елорданың шамамен 134 мың тұрғыны Жеңіс күнінде және басқа да мерекелерде алады. Жергілікті өкілдік органдардың шешімімен 120 мыңнан астам адам өмірлік қиын жағдайға тап болған кезде әлеуметтік көмекті, ЖОО-ға оқу ақысы төлемін, қатты отын салып алуға, газдандыруға қосылуға әлеуметтік көмекті, ауыз қуысын протездеу алдында жақсарту және тісті протездеу көмегін тегін алады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, 19-23 сәуірде тісті тегін протездеуге «Стоматология оқу-клиникалық орталығы» ЖШС-ынде жазылу жүргізіліп жатыр. Жазылу аудандар бойынша мына телефондар арқылы жүргізіледі: Алматы ауданы – 37-03-92, Байқоңыр ауданы – 38-22-45, Есіл ауданы - 31-32-08, Сарыарқа ауданы – 39-79-49.

Сонымен қатар ол Еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы электронды форматта фронт кеңсе жобаларын енгізу бойынша мемлееттік қызметтің 19 түрін көрсететіндігін айтты. Қызметтік кабинеттер open space форматында жабдықталған. Жыл басынан бері 45 мың мемлекеттік қызмет, оның ішінде 37 мыңнан астам қызмет онлайн форматта көрсетілді.


Соңғы жаңалықтар