Елордада жыл басынан карантин талаптарын бұзудың 635 фактісі анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың басынан бері карантин талаптарын бұзудың 635 фактісі анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшысы Арман Айтмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге түрлі байланыс құралдары арқылы азаматтардан бизнес нысандарының карантин режимін бұзғаны туралы хабарламалар күн сайын түсіп тұрады. Жыл басынан бері карантин режимін бұзудың 635 фактісі анықталды. Оның ішінде түнгі клубтар, мейрамханалар, дәмханалардың карантин режимін бұзғаны туралы 532 факті, дүкендер, сауда орталықтары, базарларда 51 факті шаштараздар, сұлулық салондар, сауналарда 26 факті анықталды. Карантин талаптарын бұзуға қатысты анықталған фактілер бойынша материалдар Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жіберілді», - деді Арман Айтмағамбетов елорда әкімдігінде өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар ол бүгінгі күнге дейін 140 заңды тұлға 29 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл арқалағанын айтты.


Соңғы жаңалықтар